Astana Ceramic AstanaBuild 2026 көрмесінде

28–30 сәуір аралығында Astana Ceramic компаниясы EXPO халықаралық көрме орталығында өткен Қазақстандағы ең ірі салалық алаңдардың бірі -26-шы халықаралық AstanaBuild құрылыс көрмесіне қатысты.

AstanaBuild көрмесі дәстүрлі түрде құрылыс материалдарын өндірушілерді, девелоперлерді, мердігер ұйымдарды, сәулетшілер мен құрылыс саласына арналған шешім жеткізушілерін біріктіретін маңызды кәсіби алаң болып табылады.

Astana Ceramic стендінде CERABLOCK ірі форматты керамикалық блоктарының желісі ұсынылып, өнімнің нақты үлгілері арқылы қалау технологиясының демонстрациясы ұйымдастырылды.


Көрмеге қатысудағы негізгі назар жылы керамикадан заманауи құрылыс жүргізудің артықшылықтарына аударылды:

  • М100 жоғары беріктік көрсеткіші
  • Қалау жұмыстарын 2–3 есе жылдамдату
  • Тік жіктерді толтырмайтын паз-гребень жүйесі
  • Саз негізіндегі табиғи құрам
  • 1000°C дейінгі температурада күйдіру арқылы сипаттамалардың тұрақтылығы
  • ГОСТ 530–2012 талаптарына сәйкестігі

Көрме барысында Astana Ceramic командасы құрылыс салушылармен, мердігер ұйымдармен, дилерлермен және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер өткізді. Келушілердің ерекше қызығушылығын өнімнің өзі және оның Қазақстанда өндірілетіні тудырды.

Көрменің басты инсайты:

«Бұл шынымен Қазақстанда өндіріле ме?»

Дәл осы сұрақ стенд қонақтарынан жиі қойылды. Бұл өз кезегінде заманауи керамикалық блоктарды отандық өндірудің жоғары әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Көрме қорытындысы бойынша:

  • мақсатты байланыстар қалыптастырылды
  • әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізілді
  • нарық тарапынан өнімге жоғары қызығушылық байқалды
  • Astana Ceramic компаниясының Қазақстандағы заманауи құрылыс шешімдерін өндіруші ретіндегі позициясы күшейтілді

Сонымен қатар компанияның көрмеге қатысуы Қазақстан құрылысшылар одағы платформасында жарияланып, бұл брендке деген сенімді арттыру мен керамикалық блоктардан құрылыс технологиясын ілгерілетудегі маңызды қадамдардың біріне айналды.

Astana Ceramic ірі форматты керамика бағытын дамытуды және Қазақстанда заманауи құрылыс стандарттарын енгізуді жалғастыруда. Компания жаңалықтары мен жаңа жобаларымызды бақылап отырыңыздар.

Другие публикации
05.10.2020
AstanaCeramic zaýyty
"Astana Keramık" JShS zaýytynyń qus ushatyn bıiktikten kórinisi...
13.07.2018
Astana Ceramic zaýyty nyń saltanatty ashylýy
2018 jylǵy 18 shildede Astana Ceramic zaýyty saltanatty ashyldy
10.06.2018
CERABLOCK 38-10.7NF iri formatty keramıkalyq bloktar óndirisiniń bastalýy
Keramıkalyq tas Cerablock kótergish, syrtqy qabyrǵalardy turǵyzýda qoldan...